«Богатырь Көмір» ЖШС
KZ
RU
EN
Компания туралы
Сатып алулар
Іске асыру
Қ және ЕҚ
Қоршаған ортаны қорғау
BPS
Әлеуметтік жауапкершілік
Баспасөз
Бос орындар
Баспасөз
Жаңалықтар
Корпоративтік басылым
Медиажобалар
Галерея
Ардагерлер спортта
02.12.2023
Спорт ардагерлерінің достық кездесуі «Богатырь Көмір» спорттық-сауықтыру кешенінде өтті. Дәстүр бойынша кеніштің құрылған күніне орай «Богатырь» учаскелері арасында шағын футбол мен волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Залда бәсекелестік пен командалық рух атмосферасы білінді. Спортшылар ойынға барлық тәжірибелерін салды. Алаңда қатысушылардың іс-әрекеттері мен спорттық дағдыларының үйлесімділігі байқалды. Қарсыласқа соққан әрбір голды әріптестері қолдап отырды.
Қауіпсіздік мәдениеті
27.11.2023
«Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік қауіпсіздік бойынша іс-шаралар жоспарын орындау аясында «Богатырь Көмір» компаниясында «Жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру» - IOSH оқыту курсы бойынша төрт күндік семинар өтті. Оған кәсіпорынның бірінші басшылары мен жетекші мамандары қатысты.
Шыңды бағындырушылар
25.11.2023
«Богатырь Көмір» компаниясының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері «Алтын күз-2023» туристік слетінде өздерінің ептілігін және төзімділігін көрсете алды. Құзға шығу бойынша жарыс «Қайнар» ББК-да орналасқан кәсіби құзға шығу алаңында өтті. Қатысушылар төрт адамнан тұратын үш командаға бөлінді. Олардың әрқайсысы жарыстың үш кезеңінен өтті: жеке-командалық қашықтық, кросс-жорық және туристік эстафета.
Жас шахтерлар
24.11.2023
«Богатырь» кенішінің ӘТК акт залында жұмыскерлерді шахтерлар қатарына қабылдау шарасы өтті. Ол 2023 жылдың тамызынан қарашасына дейін кәсіпорынға жұмысқа орналасқан жас мамандар үшін ұйымдастырылды. Ал компанияда мұндай жұмыскерлер саны – 37 адам. Қатысушыларды іріктеудің басты критерийі жас шектеулері болды – бұл 1992 жылға дейінгі бірден жұмысшы мамандықтарына қабылданған жұмыскерлер.
Білімдерін жетілдіре түсті
23.11.2023
Циклдік-толассыз кешеннің қызметкерлері автоматтандырылған технологияны қолдану аясында білімдерін жетілдіруді жалғастыруда. Жұмыста қажетті бағыттардың бірі – «Simotion» бағдарламасында жұмыс істеу дағдылары. Ол жиілік түрлендіргіштерін байланыстыру мен басқаруға арналған және ЦТТ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетуге, ақауларды жою уақытын азайтуға және олардың санын кемітуге мүмкіндік береді.
ТМК саласындағы жаңа тәсілдер
21.11.2023
Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының дамуына қатысты маңызды тақырыптар бүгін «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумында көтерілді. Іс-шара Астанада жетекші сарапшылар мен сала өкілдерін жинады. «Богатырь Көмір» компаниясынан форумға бас директордың орынбасары Мирхат Мұсанап қатысты.
Игі іске бағытталған спорт
21.11.2023
Өзбекстанда бесінші халықаралық Samarkand Marathon қайырымдылық жарысы өтті. Биылғы жылы іс-шара қараша айының басында жарияланып, оған әлемнің 43 елінен 3000 адам қатысты. Олардың арасында «Богатырь Көмір» қызметкері, БЖКБ, «Богатырская» станциясының пойыздарды құрастырушысы Бахтияр Мендыбаев та болды.
Модульдік-блоктық кешен
21.11.2023
Южная станциясында «Богатырь Көмір» қызметкерлерін қолайлы еңбек жағдайымен қамтамасыз ету мәселесін шешетін санитарлық-тұрмыстық кешеннің құрылысы аяқталды. Ғимарат 150 адамға арналған.
Жақсылық мерекесі
09.11.2023
«Богатырь Көмір» Дүниежүзілік мейірімділік күнін ерекше бастады. Компания атынан аутизм және ақыл-ой кемістігі бар балалар оңалтудан өтетін түзету орталығында мереке ұйымдастырылды.
1
...
4
5
6
7
8
...
102
Служба доверия ОК «Русал»
Горячая линия АО «Самрук-Энерго»