Екібастұз тас көмір алабы 1867 жылы ашылды. ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығында «Воскресенский тау-кен өнеркәсіптік қоғамының» акционерлері, ал 1913 жылдан бастап негізгі акция ұстаушысы ағылшын миллионері Лесли Уркарт пен АҚШ-тың бұрынғы президенті Герберт Гувер болып табылатын «Қырғыз тау-кен өнеркәсіптік акционерлік қоғамы» ағылшын концессиялық компаниясы көмірді шығара бастады.

1918 жылы Павлодар Ертіс өңірінде кеңес үкіметі орнатылған соң Халық комиссарлар кеңесінің екібастұз көмір кенін мемлекеттендіру туралы қаулысына қол қойылды. Бірақ соғыстан кейін ғана зертеушілер мен жобалаушылар осында келді. 1954 жылы күші жылына 3 млн.тонна «Орталық» деп аталатын көмір кеніші пайдалануға берілді.

Осы кезден бастап екібастұз көмірі Ресей Федерациясының Орал өңіріне жеткізіле бастады. Бірінші құрам екібастұз көмірі үшін ерекше сынақ полигоны болған Красногорский ЖЭО-ға жеткізілді. Сол жылы Оралдың шағын қаласы Троицкіде Оңтүстік Орал үлкен энергетикасының негізін салушы – жаңа электрстанцияның құрылысы басталды. Бұл басқа да ГРЭС-терде тұрғызылған станциялар сияқты күлі көп екібастұз көмірін жағу үшін жобаланып салынды.

Жобалық күші жылына 50 млн.тонна көмір шығаратын «Богатырь» кеніші 1965 жылдан 1979 жылға дейін тоғызыншы кезекте салынды. 1985 жылы 56,8 млн.тонна көмір шығарып, ең жоғары жылдық өнімділікке қол жеткізді. Осындай жеке-дара алып күші бар кеніш әлемде бірінші рет салынды және осы көрсеткіш бойынша 1985 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. 1996 жылдың қарашасына дейін «Богатырь» кеніші «Экибастузкомир» МАҚ құрамында болды.

Кен орынын дамытудың кезекті кезеңі осында шетел инвесторларының келуімен өткен жүз жылдықтың тоқсаныншы жылдарының ортасында басталды. 1996 жылдың қыркүйегінен бастап «Богатырь Аксес Комир» ЖШС-н құру басталады. Ол кезде Республика Үкіметінің шешіміне сәйкес өткізілген ашық тендердің қорытындысы бойынша «Assess Industries Inc.» компаниясы «Богатырь» және «Степной» кеніштерінің мүліктік кешенін жекешелендірді. (70%).

Акционерлердің келісімдері бойынша 2008 жылдан бастап «Богатырь Аксес Комир» қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ және «РУСАЛ» ресейлік біріккен Компаниясының бірлескен басқаруына өтті. 2009 жылдың наурызында «Богатырь Аксес Комир» ЖШС «Богатырь Көмір» ЖШС болып қайта аталды.

Бүгінгі күні «Богатырь Көмір» ЖШС-нің үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде шығарылған барлық көмірдің 70 пайызы және Қазақстан Республикасында шығарылатын көмірдің жалпы көлемінің 40 пайызы тиесілі. «Богатырь Көмір» ЖШС ашық тәсілмен көмір шығару бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі, оның баланстық қоры – 2,62 миллиард тонна. Кәсіпорынның өнідірістік күші жылына 42 млн.тонна көмірді құрайды, оның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша - 32 миллион тонна, «Северный» кеніші бойынша - 10 миллион тонна. Қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС еңбек ұжымының жалпы саны 6,5 мың адамнан тұрады.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің негізгі тұтынушылары: Ресей Федерациясындағы Рефтинский ГРЭС, және Қазақстан Республикасындағы Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2, Алматы және Степногорский ЖЭО, «Караганда Энергоцентр» ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), «СевКазЭнерго» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО -1, ЖЭО -2), «Көкшетаужылу» МКК , «Павлодарэнерго» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС (Қарағанды қ.).