2024-2025 жылдары көмірді бастапқы көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Богатырь Көмір» ЖШС-ін энергия өндіруші ұйымдардың қажеттіліктері үшін көмір бойынша негізгі қуат иелерінің тізбесіне енгізді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік кодексінің 176-1-бабын және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 - бұйрығымен бекітілген негізгі қуатқа тең қол жеткізу Қағидаларын орындау үшін компания өтінімдерді қабылдау кестесін және қажетті құжаттардың тізбесін жариялайды.

Өтініш берушілерден көрсетілген ақпаратпен танысуды және қажетті құжаттармен өтінімдерді белгіленген мерзімде жіберуді сұраймыз.