Жеке құрам / Жеке құрам (мансап, білім)

«Богатырь Көмір» компаниясының негізгі капиталы болып өткен жылдары құрылған, бизнесті құруға және жүргізуге ортақ мақсаттарымен, мүдделерімен және көзқарастарымен бірлескен пікірлестердің үлкен командасынан тұратын ұжым табылады. «Богатырь Көмір» компаниясында 226 мамындық бойынша 47 ұлттың өкілі – 7 мыңнан астам адам қызмет етеді. Барлық жеке құрам санының 42 пайызын жоғары және арнайы орта білімді қызметкерлер құрайды.

Компанияда корпоративтік мәдениет қалыптасқан, сондай-ақ қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдай жасалған. Кәсіпорын өз жетістіктері үшін білікті де үйлесімді жұмыс жасай білетін, мыңдаған адамнан тұратын ұжымы алдында борышты.

 

Компания басшылығы қызметкерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөледі. Тау-кен, теміржол, автомобиль және техникалық бейінді дарынды жас мамандарды жұмысқа тарту үшін «Богатырь Көмір» ЖШС-де «Оқу орындарының түлектерін қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы ережесі» қолданылады. Сондай-ақ, аса жетіспейтін мамандықтардың тізімі бекітілген және жеңілдіктер қарастырылған. Олармен 5 жылға жеке еңбек шарты жасалады, жұмыс орнына дейінгі жол ақысы, көтерме ақысы төленеді және тұрғын үй төлеміне жұмсалатын шығындар қайтарылады. Сонымен қатар, оларға тұрғын үй сатып алуға пайызсыз несие беріледі.

«Богатырь Көмір» ЖШС-гі 1999 жылы білімді тексеретін автоматтандырылған жүйелермен, компьютерлермен толықтырылған, сондай-ақ, жеке құрамды еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелеріне оқытуға, білімді тексеруге мүмкіндік туғызатын өз оқу-курстық комбинатын ашты. Оқу-курстық комбинатында кен-көлік құрал-жабдығы мен машиналары, теміржол көлігі, жүк көтеру машиналары, слесарь және электрмонтаждау ісі және еңбекті қорғау кабинеттері жабдықталған. Оқу-курстық комбинатының басты мақсаты – алғашқы деңгейдегі біліктілікті жеке құрам даярлау, қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру.