Еңбекті жеңіс

17.07.2019

«Богатырь Көмір» футболшылары павлодарлық «Алюминщиктер»  командасымен қарсыласу барысында спортшыға тән мінез көрсетті. 

Ойынның алғашқы сәттен-ақ күрделі басталғанына бірінші тайм соңындағы таблодағы нөл куә болды. Соған қарамастан, біздің жігіттер қарсылас қақпасының кілтін таба білді. Матчтағы есепті Мұрат Ахметшарипов ашты. Алюминшілердің тепе-теңдікті қалпына келтірген сәттері де болды. Мұраттың кездесу шымылдығы астында соққан екінші добы матчтың 2:1 соңғы есебімен біздің жасақ пайдасына шешті. 12 ұпай жинаған «Богатырь Көмір» құрамасы облыс чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.  

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

Жаңалықтар тізіміне оралу