Чемпион қашықтығы

12.07.2019

Павлодар қаласында мүмкіндігі шектеулі спортсмендер арасында өткен облыстық жарыстарда богатырлік спортшы Сара Прокофьева екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Ол 200 және 400 метр қашықтықта  бәрінен артық жүгіріп, ядро лақтыруда бар жоғы 3 сантиметрге ғана жеңімпаздан кем түсті. Облыстық іріктеу турниріндегі жеңіс қатысушыға республикадағы чемпионатқа және Ақтөбе қаласында қыркүйекте өтетін паралимпиадалық ойындарға қатысуға мүмкіндік береді. 

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу