Құрметпен және ризашылықпен

05.07.2019

Бүгін өзінің жоғары кәсіби және адамгершілік қасиеттерінің, адамдарға деген мейірімді және әдепті қарым-қатынасының арқасында компания ұжымының зор құрметіне ие болған Ольга Дмитриевна Хозяшеваға құттықтаулар мен шексіз ризашылықтар айтылып, гүл шоқтары берілді. Кәсіпорынның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы орынбасарының еңбек ғұмырнамасында бүгінгі күн соңғы жұмыс күні болды. Әріптестері, басқа да бөлімшелердің қызметкерлері оны зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтады. Компания басшылығының атынан бас директордың мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Мирхат Мұсанап оған көп жылғы адал еңбегі мен жоғары біліктілігі үшін алғысын білдірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу