Кәсіби деңгейін көтерді

04.07.2019

«Богатырь Көмір» компаниясында қазақ тілін оқыту жаңа деңгейге шықты. Мемлекеттік тілді дамыту бойынша топ басшысы Манар Ерботинаның маусымның аяғында Нұр-Сұлтан қаласында өткен көшпелі-тренингтен алған білімі жұмыскерлерді оқытудың сапасын көтеруге көмек береді. Оқу үдерісіне  қатысқан қазақ тілі мұғалімдеріне латын жазуына көшумен қатар құжаттарды орыс тілінен қазақ тіліне аударудың қыр-сыры толық түсіндірілді. Компания маманының семинар-тренинг курсын табысты меңгергендігін  алған сертифкаты растайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу