Кездесулер жалғасы

03.07.2019

Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарастыру жөніндегі комиссияның кезекті кездесуі бүгін технологиялық көлік басқармасында өтті.  Бұған компанияның бас директоры Николай Корсаков қатысып, келіп түскен сұрақтардың көбіне жауап берді.   

Самосвалдар жүргізушілерінің еңбек төлемдерінің тарифтік мөлшерлемесінің өсуі туралы сұраққа түсініктеме бере отыра,  ол бүгінгі күні,  ол ең көп мөлшерде және тереңдігі 150метрде жұмыс істейтін, сегізінші разрядтағы экскаватор машинистерінің мөлшерлемесіне тең екендігін атап өтті. Самосвалдарды жабдықтау үшін жеткізілетін ауа сүзгілерінің сапасы мәселесі бойынша,  компания басшысы  сатып алу кезінде сүзгілердің техникалық сипаттамасын бөлшектеп тіркеп жазуды ТКБ басшысына тапсырды.  Сатып алынатын қорғану көзілдіріктерінің сапасын бақылауды күшейту қабылдау комиссиясына тапсырды. Кездесу барысында бөлімшелер жұмысшылары "БелАЗдар" үшін шегінушілерді жасап шығару кезінде "Катерпиллер 777 Д"  шегінушілерін үлгі ретінде қолдануды ұсынды. Өз кезегінде, компания басшылығы кәсіпорынның жақын арадағы жоспарларымен бөлісті- осы күзде үш жаңа 75131 немесе 75139 сериялы "БелАЗдар" сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда. Әлеуметтік салада іске асырылатын іс-шаралар жайында қызметкерлерді жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры Азат Макенов ақпараттандырды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу