Жаңа автобустар келді

26.06.2019

Бүгін Екібастұзға жұмыс сапарымен "Богатырь Көмір" ЖШС жалғыз қатысушысы директорлар Кеңесінің төрағасы Руслан Қазбекұлы Қарағайшиев келіп кетті. Оның келуі компания өміріндегі маңызды оқиға- жасалған шарт аясында сатып алынған "ПАЗ- 3203" маркалы жаңа автобустардың алғашқы партиясының жеткізілуімен тұспа- тұс келді.  

Компанияның бас директоры Николай Николаевич Корсаковпен бірге Руслан Қазбекұлы жаңа автобустарды тапсыру рәсіміне қатысты. Осы жылы 35 жоспарланғандардың ішінен жаңадан келген 7 автобус, автобус көлігі паркін жаңарту және Серіктестік жұмыскерлерінің еңбек жағдайын жақсарту бағдарламасы бойынша іс-шаралар аясында сатып алынды. Автобус тасымалдауларының сапасын арттыру бойынша қолданылған шаралар туралы толық ақпаратты электронды нұсқасы шілде айының басында "Богатырь Көмір" сайтында орналастырылатын BOGATYR. KZ" корпоративті басылымының алдағы нөмірінде оқыңыздар.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу