Жаңа «БелАЗ» «Богатырьде»

18.06.2019

Жаңа карьерлі «БелАЗ-75131» самосвалын «Богатырь» кенішіндегі №1 аршу және үйінді жұмыстары учаскесінде пайдалануға енгізді. 

Бар жоғы бір кірмеден осындай кластағы кен тасушы жоғары қабатқа 130 тоннаға дейін тау кен салмағын шығарады. Жаңа машинаны басқару құрамында Бейбіт Күзембаев, Талғат Нұркин, Вячеслав Смирнов, Раиль Ямалетдинов бар тәжірибелі экипажға сеніп тапсырылды.

Өткен жылы компания «БелАЗ-75131» маркалы 4 көмір тасушы және 3 кен тасушы сатып алғанын еске саламыз, ал биылғы жылдың жоспарында – тағы үш көмір тасушыларды сатып алу. ​

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу