Әлеуметтік маңызы бар мәселелер жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады

21.06.2019

Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарастыру бойынша комиссияның алғашқы жұмыс бабындағы кездесуі  бүгін ТКЖЖ зауытында өтті. Оның барысында комиссия мүшелері зауыт жұмысшыларының әр түрлі сұрақтарына  толық жауап берді. Атап айтқанда, жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Азат Макенов компания бөлімшелері арасында «Жасыбай» демалыс орталығына жолдамаларды үлестіру, олардың ұжымының санына тепе-тең жүргізілетінін түсіндірді. Бұл ретте, ол жұмыскерлер үшін жолдама бағасы өзіндік құнынан аспайтынын және ол орталықты ұстау шығынымен құнсызданудың ағымдағы деңгейінен ғана құрылатынын байқатты. «Халық Денсаулығы» ҚҚ арқылы стоматологиялық қызметтер көрсету тәртібі  жайында жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директордың орынбасары Наталья Трофимова ақпарат берді. Басқа да келіп түскен мәселелерге де түсінік берілді. Әлеуметтік желілерде Компанияның ресми парақшаларын, ұсыныстарға сенім телефонын  белсенді  пайдалануға, корпоративті газет басылымдарын оқуға өз кезегінде ресурстарды қорғау жөніндегі директор Анатолий Яковлев  ұсынды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу