Білімі үшін ынталандырылды

07.06.2019

Сертификат, грамота және ақшалай сыйақымен "Богатырь Көмір" компаниясының 32 қызметкерлері қазақ тілі курсын табысты аяқтағандары үшін табысталды. Жеткен жетістіктерімен тоқталмай, әрі қарай тіл үйренуді жалғастыруға бас директордың бірінші орынбасары- қаржы директоры Асылхан Кадырбаев, бас директордың мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Мирхат Мусанап ниеттерін жеткізді. Компания басшылығына мемлекеттік тілді қолдағандары үшін өз ризашылығын қала әкімінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Айжан Жұмабаева білдірді. Компаниядағы мемлекеттік тілді дамыту тобының басшысы Манар Ерботинаның тіл дамыту бойынша атқаратын жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіп жүргенін ерекше атап өтті.

Қанат АЛДАБАЕВ 

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу