"Батыр Көмір" ЖК үздіктерді марапаттады

06.05.2019

«Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының атқарушы комитеті 2018 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «Богатырь Көмір» компаниясының үздік техникалық инспекторларын марапаттады.  

Кәсіпорынның 112 инспекторынан 17 адам өндірісте қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін «Батыр Көмір» ЖК-дан құрмет грамоталар мен сыйлықтар алды. Олардың ішінде бірнеше рет жылдың үздік инсекторлары аталғандар да бар. Бұл Виктор Алексеев, Нұрлан Алиакбаров, Қайрат Самсенов, Сергей Овсянников және Александр Черненко. ТКЖЖ зауытының токары Ермұрат Шаймерденов үшін конкурсқа қатысу дебют болды. «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының атқарушы комитеті оны жас, белсенді және келешегі бар инспектор ретінде марапаттады.

Марина ПОНКРАТОВА 

Сурет «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының мұрағатынан алынды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу