Еңбек қауіпсіздігін бағалай отырып

09.04.2019

«Богатырь Көмір» компаниясында еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі бойынша айлық өндірістік учаскелердің конкурс-байқауынан басталды.   

Биылғы жылы «50-ден аса адамы бар үздік учаске» және «50-ден кем адамы бар үздік учаске» атағына он үміткер күресуде: «Богатырь» кенішінің Жол-2 мен аршу және үйінді жұмыстар учаскесі, БЖКБ Жол-3 және «Узловая» станциясы, КН және ӨД «Ударная» станциясының жүк қызметі, Автобаза РМ-2, БЭҚ «Солтүстік кешенінің» энергиямен жабдықтау учаскесі, ТКЖЖ оттекті – компрессорлық учаскесі, ТЖЖЖД ЖҚД-2 РШР жөндеу бойынша цехы.

АҚ және ЕҚ жөніндегі басқарманың, өндірістік жүйені дамыту бойынша дирекцияның мамандарынан, сондай-ақ «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподақ өкілдерінен тұратын комиссия жұмыс орындарында еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, техникалық құжаттардың жағдайына, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша көрнекі үгіттеулерге, жеке қорғаныс құралдарының, қолданылатын құрал-саймандардың  жарамдылығы мен болуына және т.б. тексеріс жүргізеді. Нәтижесі он балдық шкаламен бағаланады. Ұйымдастырушылар конкурстың қорытындысын айлық аяқталған соң шығарады.

Марина ПОНКРАТОВА 

Сурет автордікі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу