Тағылымға қойды

05.04.2019

5 сәуірде ҚР премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың Павлодар облысына сапары аясында «Богатырь Көмір» компаниясының жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры Азат Макенов кәсіпорында әлеуметтік серіктестік қағидасының іске асырылуы туралы айтты. Атқарушы органдардың, ірі кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдар мен кәсіподақтардың Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларды  іске асыруын бақылау мақсатпен келген қонақтар көмір шығарушы кәсіпорынның бұл бағыттағы жұмыстарды лайықты түрде орындауда екендерін атап өтті.  

Биылғы жылы әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерге қарастырылған сома былтырғы жылдан (775 млн.теңге) 95 млн.теңгеге артық. Наурыз мейрамы мерекесінің қарсаңында компания қызметкерлеріне еңбекақының 100%-ы көлемінде жылдық сыйлықақы төленді. Жұмыскерлерді алдын ала емдеу мен сауықтыру мақсатында басшылық биылғы жылы Қазақстан мен Ресейдің шипажайларына 260 жолдаманы сатып алу үшін шарттар жасасты. Компания «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға қатысады. Бүгінгі күні көп балалы және жас отбасылардан, компанияның мұқтаж қызметкерлерінен 100-ден аса өтінім қабылданды.

Компанияда таяудағы үш жылда циклді-толассыз технологияны енгізу арқылы өндіріске жаңғырту жүргізілетін болады. Сондықтан жұмыс орындарының қысқартылуына жол бермеу үшін, кәсіпорын өз қызметкерлерін талап етілген мамандықтарға қайта бағыттау мақсатында қайта оқыту бағдарламасын енгізді.

Сонымен қатар, әлеуметтік бастамалар мен әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету сомасы жыл сайын 10% өсетін болады.

Барлық әлеуметтік шаралардың сапалы орындалуына белсене қатысуды жалғастыратынымызға мен сенімдімін, - деп қорытындылады Азат Макенов.

 

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Богдана Баеги.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу