Еңбек қауіпсіздігі басымдылықта

03.04.2019

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша айлықтың қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС кәсіпорнында қызметкерлердің өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін, еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді сақтаулары бойынша ақпараттық жұмыстар күшейтілді. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Николай Корсаков кезекті жұмыс мәжілісінде компанияның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тиісті тапсырмаларды берді.  

Осы тапсырмалардың аясында барлық өндірістік учаскелерде, цехтар мен бөлімдерде ақпараттық сағат өткізілді, оның барысында жұмыскерлерге ережелер мен нұқаулықтарды қатаң сақтау қауіпсіз жұмыс орындауды қамтамасыз ететін міндетті шарт болып табылатындығы ескертілді. Қызметкерлерге қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттар мен ережелердің талаптары түсіндірілді және олардың мәнісін анық түсіну үшін нақты мысалдар келтірілді. Компания жауапсыздық пен салақтықты өндірістің кешірмейтіндігіне сенімді, сондықтан тәртіп пен өзіне жүктелген ережелерді мүлтіксіз сақтау   кәсіпорында әр жұмыскердің жұмысын бағалаудың ең басты өлшемі болып қалады. Компанияның құрылымдық бірліктерінің еңбек ұжымы мүшелерімен осындай ақпараттық кездесулердің тұрақты сипатта болатындығын айта кеткен жөн.

Қанат АЛДАБАЕВ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу