Богатырьдің қамқорлығы

28.12.2011

                                   

             1997 жылы» Богатырь Көмір» компаниясының жұмыскерлері «Богатырь Көмір» қоғамдық қорын құрды. Екі жылдан соң «Халық денсаулығы» медициналық қоры құрылды. Әрқайсысының өз қызметі бар. Ең бастысы, қиын жағдайда кеншілерге көмек көрсету.  

- «Богатырь Көмір» қоғамдық қоры экономикалық қиын кезеңде дүниеге келді. Ол кезде жеткізілген көмір ақшалай емес, барьтер, товармен айырбас арқылы жүзеге асатын. Кеншілер айлап, жылдап өз еңбек ақыларын ала алмайтын уақыттар  болды. 

Міне, осындай қиын кезеңде қоғамдық қор ашылып, кеншілерге көмек қолын созды. Қор  ұжымдық келісім-шарт міндеттерін орындау бойынша жұмыстарды, әлеуметтік жеңілдіктерді шешу мәселесін басты міндет ретінде санады. Осы жылдарда  қорға қомпания 305 миллионнан астам теңге аударды. Қор есебінен 285 миллион теңге қайырымдылық көмекке бағытталды. 

Қоғамдық қор әсіресе, көп балалы отбасыларға жесірлерге, мүгедек балаларға, ардагер кеншілерге көп көңіл бөлді. 73 мүгедек балаларға емдетуге материалдық көмек көрсетілді. 1997 жылы 300 көп балалы отбасыларға өздерінің тұрмыстық жағдайын түзеу үшін  3 миллион 250 теңге қаражат бөлінді.  Несие беру есебінен 3706 адамның жағдай жақсарды.

 Несие алу үшін көбіне еңбек ақысы төмен жұмыскерлер көмек сұрайды. Жуырда автобаза жұмыскері Татьяна А-ға омыртқасына операция жасау үшін, слесарь Владимир Б-ға ішкі құрылысын тексеру үшін жедел көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жедел қаражат беру нәтижесінде бұл адамдар сауығып қалды, денсаулықтарын түзеді. Дер кезінде көрсетілген көмекке олар дән риза.

 Несие алу жақсы. Бірақ оны қайтара білу керек. Ал егер  неиені қайтару қиын болса не істеу керек? Мұндай жағдайларда қоғамдық қор қызметкерлері жұмыскерлердің берген ерікті  жарналарына сүйенеді. 14 жыл ішінде осындай жағдайларға 8450 төлем жасалынды.

Қордың көмегіне компанияның жұмыскерлері Виктор мен Ирина дуловалар ерекше риза. Осыдан бірнеше жыл бұрын олардың бесінші сыныптағы ұлы Игорьдің аяғы тайып, мертікті. Тез арада қан керек болды. Игорьді ауруханаға жатқызды. Дәрігерелер Дуловтарға баланы ресейдің Курган қаласындағы  Елизаров клиникасына емдеуге  кеңес берді. Ондағы мамандар өте қиын операция жасау керектігін, оның арзан еместігін ескертті. Міне, осындай қиын жағдайда қор көмек көрсетті.    

«Халық денсаулығы» қоғамдық қорын кеншілер жедел жәрдем деп атап жүр.

     -Өндірістің ерекше қарқынмен дамуы адамдарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Кейбіреулердің жүйкесі тозады, кейбіреулер кәсіби аурумен ауырады. Көмір ашық әдіспен өндірілгеннен кейін жұмыстағы қиындық, шаң- тозаң, қауіпті жағдайлар  адамға әсер етпей тұрмайды. Ал кәсіпорынға денсаулығы мықты адам керек. Денсаулығы мықты жұмыскер ғана өндірістік тапсырмаларды ойдағыдай орындай алады. Сондықтан бәріміздің ойлайтыным, адам денінің саулығы , -дейді медициналық қордың атқарушы директоры Марат Елубаев.

Медициналық қордың арқасында кеншілер жыл сайын терапиялық жіәне хирургиялық көмек алып жүр. Еңбекшілер «Терапия ЖШС, «Евразия медициналық орталығы» ЖШС, «Хирургиялық орталыққ»  ЖШС қаралып, денсаулықтарын түзейді

«Богатырь Көмір»  Қоғамдық қоры мен «Халық денсаулығы қоры Павлодар облысында ғана емес, бүкіл республика бойынша алғаш құрылған қоғамдық қор. Бұл күндері қоғамдық қор беделі артып келеді.

Жаңалықтар тізіміне оралу