Жаңадай

29.03.2019

Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасында табанды ағымдық жөндеуден соң ОПЭ-1 №273 тартушы агрегатына жатықтыру сынағы жүргізілді.

2003 жылы бұл теміржол техникасы жартылай жаңартудан өтті. Оның 36 жылдан асатын пайдалану мерзімінің ұзақтығына байланысты аталмыш агрегатты №3 табанды ағымдық жөндеуге қою туралы шешім қабылданды. Жұмыстар Николай Мосин басшылық ететін БЖКБ локомотивті бригадасының қатысуымен «Ремпутьмаш-Ссервис» кәсіпорнында орындалды. 2018 жылдың қыркүйегінен осы жылдың наурызына дейін созылған жөндеу барысында электр сымдар жүйесі мен кабельді өнім ауыстырылды, жүріс, экипаж бөлігіне, төбе жабдығына күрделі жөндеу жүргізілді және шанақ толығымен сырланды.   

Марина ПОНКРАТОВА 

Сурет БЖКБ мұрағатынан алынды. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу