Өз оқиғаңмен таңғалдыр!

28.03.2019

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның өзара әрекеттестік және коммуникация орталығы ең үздік махаббат оқиғасына арналған кезекті конкурсты жариялады.

Қазақстанда 15 сәуірде тойланатын Қозы-Көрпеш пен Баян сұлудың ұлы махабаты Күні біздің компанияның қызметкерлері өздерінің ерекше және таңғаларлық махаббат оқиғаларын айтып бере алады. https://sknews.kz/lovestory. сілтеме бойынша конкурс шарттарымен танысуға және өтінім беруге болады.  Өтінімдер 7 сәуірге дейін қабылданады. Дауыс беру келесі күні басталады және 13 сәуірге дейін жалғасады. Бес номинациядағы жеңімпаздар бағалық сыйлықтар алады.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның өзара әрекеттестік және коммуникация орталығының ақпараты бойынша.  

Сурет ашық ғаламтор көздерінен алынды. 

Жаңалықтар тізіміне оралу