Республикада жалғыз «Богатырде»

27.03.2019

2019 жылға арналған тау-кен жұмыстарын дамыту бағдарламасының аясында «Богатырь Көмір» компаниясы сатып алған ЭКГ-20 карьерлік экскаваторын монтаждау 20%-ға орындалды. Маусымның бірінші күні іске қосуға жоспарланған заманауи техника қазақстандық тау-кен қазу секторындағы өнімнің аталмыш түрімен «Уралмашзавод» ресей компаниясының дебюті болады. Мамандардың пікірі бойынша осындай машинаның пайда болуы кәсіпорынның тау-кен өндірісін оңтайландырады.  

Көмір кенішіне қызмет көрсететін ижорск үлгілерінің алдында заманауи экскаватордың негізгі басымшылығы оның ыдысын өнімдірек пайдалануға мүмкіндік беретін шөміші мен қызмет тұрақтылығын қамтамасыз ететін ауыспалы тоқтағы негізгі механизмдердің жұмысы және техникалық қызмет көрсетуге арналған уақыттың қысқартылуы болып табылады.

Бірінші осындай машина Кузбастағы Краснобродский көмір кенішінде іске қосылған. Урал машина жасау кәсіпорнының бас инженері Владимир Давыдовтың айтуынша техника жүргізіліп бейімделген және өзін сенімді тау-кен көлігінің жабдығы ретінде көрсетті.

Бүгінгі күні «Богатырь Көмір» компаниясының мамандарынан тұратын арнайы оқытылған монтаждау бригадасы жүріс арбашасын жөндеді, шынжыр табан таспаларды алдын ала керді, монтаждаудың технологиялық реттілігінде жабдықтарды жинады. Жуық арада экскаватордың электр бөлігін - кабельдерді және басқару шкафтарын жеткізу күтілуде. «Богатырь» кеніші №1 аршу кешенінің аршу және үйінді жұмыстар учаскесінде маусымда ЭКГ-20 пайдалану жоспарланды.  

Марина ПОНКРАТОВА 

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу