Сенді, баурап алды, «мисс» атанды.

13.03.2019

«Богатырь Көмір» компаниясының коммерциялық дирекция басшысының хатшысы Татьяна Маренчик «Самұрық Қазына» АҚ –ның әлеуметтік қарым- қатынас пен байланыс орталығы командасының ұйымдастыруымен өткен «Самұрық аруы-2019» интернет байқауының 151 қатысушысы арасында ең сүйкімді екенін дәлелдеді. Ұйымдастырушы комитет біздің қатысушымыздың сұлулығы мен биязылығына тәнті болды.  

Конкурс www.sknews ақпараттық сайтының платформасында бес номинация бойынша өткізілді. Ең тартысты сәттер осы сайт серверінің қызуына дейін апарған 25-ші ақпан мен 5-ші наурыз аралығында онлайн- дауыс беру сәттері болып табылады.

Татьянаның айтуы бойынша, шешуші болып табылған 460 дауысты жинап алуға туыстары, достары, әріптестері соңына дейін бірге болып, көмектесті дейді.

- Ерекше «Алғысымды» ата – анам - Людмила Милохина мен Евгений Сосновқа, компанияның бас энергетик қызметіне айтқым келеді.

Міне лайықты жеңіс, «Сүйкімді ару» атағы және 30 000 сомасында beauty-сертификаты қолында. Ең бастысы  - татьянаның арманы орындалды. Өткен жылы өз деректерін сайысқа жіберіп үлгермеген екен, биыл сәттілікке сенім артып, жеңіске жетті.

Марина ПОНКРАТОВА 

Фото Татьяны Маренчиктің мұрағатынан. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу