Үш жыл бойы «алтын қармақта»

18.03.2019

Жыл сайынғы «богатырлық»  мұз асты балық аулауынан Богатырь жүк-көлік басқармасының командасы балықшылары қарсыластарының тұмсығы алдынан жеңісті алып кетті.  

 Сенбілік желді ауа – райы кеншілердің тоғызыншы сорғы жанындағы шұңқыр маңында «сиқырлауларына» кедергі жасай алмады. Сөзсіз барлық 12 команда балық аулау құмарларын қандырып, салмағы- 2 кг. 790 г. тартатын ең үлкен ауланған балық  осы жолы да компанияның Путь-8 учаскесінің теміржолшыларының қармағына түсті. Екінші орын – автобазанікі (2кг. 170 г.), үшінші орын – ТЖЖЖД тиесілі (970 г.)  Ауланған балық саны бойынша ТКБ алдыңғы орынға шықты. Командалық бұрғылау және «Триада» номинациясы бойынша бірінші орынды БЖКБ балықшылары иеленді. Ең үлкен балықты – салмағы бір киллограм төрт жүз грамм шортанды – Виталий Лобов аулады, ең кіші – төрт сантиметрлік торта балығы Амиров Нұрбектің қармағына ілінді. Жарыстың ең бірінші балығын Кузнецов Андрей аулса,  шұңқырды бұрғылау жылдамдығынан ең үздік  Назаров Андрей мен Щигельский Виталий болды. Жеңімпаздар мен номинация иегерлері құнды сыйлықтарды иеленді. 

Марина ПОНКРАТОВА

Фото участников рыбалки.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу