Қағазға шықты

11.03.2019

«Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы баспасөз қызметімен бірлесе отырып, кәсіпорын сайтын және  Instagram, Facebook, Twitter, Youtube, VK, ОК және Telegram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарын қолдау мақсатында екі тілде корпоративті "BOGATYR.KZ" атты басылымының алғашқы саны жарыққа шығары.  Құттықтау буклеті 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында шығуына орай, «богатырлық» нәзікжандыларға арналды.

Корпоративтік басылым айына бір рет шығады деп жоспарлануда. Басылым беттерінен компания қызметкерлері ең басты жаңалықтармен, өндірістік жетістіктермен, компанияның әлеуметтік өмірімен сонымен қатар компанияның дамуына орасан үлес қосқан адамдармен танысады. Кері байланыс арқасында компания қызметкерлері компания басшылығынан жауап ала алады. Сонымен қатар, басылым беттерінен оқырмандар әзіл – қалжың мен шығармашылыққа да орын табылған. Басылымның электрондық нұсқасы «Богатырь Көмір»  компаниясының сайтында орналастырылады.

«Богатырь Көмір» компаниясының баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізіміне оралу