Мереке қарсаңындағы игі іс

15.01.2019

«Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысының белсенділері кәсіпорынның әлеуметтік даму басқармасының бастамасы бойынша ескі Жаңа жылдың қарсаңында өмірдің қиындығына тап болған екібастұздық отбасылардың біріне шағын қайырымдылық сыйлық жасады. Салдатхан Әскербай мен Аханай Шынаргүл 90 жылдары мемлекеттік бағдарлама басталғанға дейін Монғолиядан тарихи отанына оралған оралмандардың бірі. Олар төрт баласымен бірге жалдамалы шағын үйді паналап отыр. Салдатхан жүргізуші болып жұмыс істейді, ал Аханай өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде. Сондықтан оларға бір еңбекақыға күнелтуге тура келеді. Кеншілер ескі Жаңа жылдың қарсаңында көп балалы отбасын азық-түліктік сыйлықтармен қуантты.

 

«Богатырь Көмір» компаниясы әлеуметтік даму басқармасының ақпараты бойынша Марина Понкратова.

Сурет «Богатырь Көмір» компаниясы әлеуметтік даму басқармасының мұрағатынан алынды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу