Сабырлылықты жоғалтпау

07.11.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасы мен баспасөз қызметі әлеуметтік даму басқармасының қолдауымен кәсіпорынның офистік қызметкерлеріне жұмыс орнында техника қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы туралы ескертті.  

Еңбек қауіпсіздігі тақырыбына арналған шағын көрініс ерекше болғандықтан, таңертен жұмысқа келген кеңсе кеншілерінің есінде қалды. Олардың шығармашыл әріптестері өздерінің абайсыздықтарынан денсаулықтарына нұқсан келтірген әртүрлі, бірақ таныс кейіптеге «зардап шегушілер» ретінде көрсетті, олар: жол жөндеуші, электрші, экскаваторшы және қоғамдық тамақтандыру Комбинатының аспазы.  Актерлердің қолдарындағы парақта жазылған деректер көрермендерді басқаның қатесін қайталамауға шақырады. Оның бірі: «Өндірісте сабырлылықты жоғалтпа!»  ұраны аталмыш іс-шараға арқау болды. «Богатырь Көмір» компаниясының техника қауіпсіздігін сақтау бойынша «Алтын ережесін» негіздеу үшін офис жұмыскерлеріне жадынамалар таратылды.  

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет әлеуметтік даму басқармасының мұрағатынан алынды. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу