«БОГАТЫРЬЛІКТЕР ҮЛКЕН ТЕННИСТІ ИГЕРУДЕ.

28.12.2011

Газета «Вести Экибастуза», №41 от 13 октября. 

ФизкультУра!

 

                                      «Богатырь Көмір» компаниясының спортпен сауықтыру кешенде үлкен теннис пен мини футбол жанкүйерлері үшін әмбебап алаң салтанатты түрде ашылды.  

        Осы күнге дейін үлкен тенниске қол жеткізу арман сияқты еді. Мұндай алаңдар арнайы жасалған ғимараттар мен бизнес орталықтарында ғана бар болатын. Оның өзіне ақылы қызмет көрсетілетін.  Міне, енді богатырьліктердің кортында  ойын көрігін қыздырып жаттығу болады.

        -  Бізге кесте жасап, кезек қойып,  бұл спорт түрін  игеріп, турнир өткізуге дайындалу керек,- деді осы алаңды ашуға келген компания директоры Виктор Константинович Щукин. - Кеншілер арасында  үлкен теннис ойнауға құмартып жүргендер көп. Бұдан соң қалалық әкімшіліктің физкультура мен спорт бөлімінің бастығы Зейнеп Нүркенова, кәсіподақ төрағасы Александр Шмеер, жеке құрам директоры Еркен Рахмангуловтар өз лебіздері мен тілектерін білдірді.

            Үлкен теннисті   компания қызметкерлері Нұрлан Құспеков, Төлеген Мұқанов, Ғазиз Алғамбаровтар ойнап, қалалық спорт қоғамының спорт шеберлері Виктор Майер мен Иван Безруковтер мастер-класс  көрсетті.

             Әмбебап алаңды Павлодарлық «Цитадель» фирмасы бүгінгі талапқа сай құрастыра біліпті. Компания бұл жобаға он мың миллионнан аса теңге жұмсады. Денсаулыққа бастайтын игілікті іске қашан да жол ашық.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу