Атқарылған жұмыс туралы есеп берілді

31.10.2018

«Богатырь Көмір» ЖШС «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының мүшелері өткен сәрсенбіде Павлодар қаласында өткен партияның XXVI облыстық есеп беру-сайлау конференциясына қатысты.

Жиналғандар бұрын Ақсу қаласының әкімі болған, партияның облыстық филиалы төрағасының жаңа орынбасары Николай Дычкомен танысты.  

Конференция барысында бастауыш партия ұйымы төрағаларының есептері тыңдалды. «Богатырь Көмір» компаниясының атынан әлеуметтік даму басқармасының бастығы Владимир Тюлин сөз сөйледі. Ол қала және оның тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің үлкен шеңберін шешуге бағытталған кәсіпорын бастауыш ұйымының қызметі туралы айтты.

Осы жылы «богатырлық» партиялықтар «Баланы мектепке дайындайық» акциясы арқылы аз қамтылған отбасылардың сексеннен аса баласына жаңа оқу жылына дайындалуға  көмектесті. Партия ұйымы көптеген жылдар бойы балалар үйіне қамқорлық етуде, психикалық-неврологиялық ауытқулары бар балаларға қолдау көрсетуде, мүгедек-балалардың қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысуда. Нұротандық-кеншілер ардагерлерді де назардан тыс қалдырмайды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында бастауыш партия ұйымы дәстүрге айналған этнофестивальға белсене қатысты, сондай-ақ зерттеуші-этнограф Мұса Шорманның 200 жылдығын, жазушы-ойшыл Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдығын және ақын Естай Беркімбаевтың 150 жылдығын тойлауға қолдау көрсетті.

Компанияның «Нұр Отан» белсенділері партияның кадрлар резервіне алынды, бұл оларға жұмыстың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді.

Партия кеншілері «Қайнар» білім беру-ойын-сауық кешенінің оқушылар үшін бизнес-инкубатор ашу туралы бастамасын қолдады және партияның қалалық филиалымен бірге №36,22,9 мектептерде ІТ-сыныптарын ашуға қатысты. №36 мектеп лицейде облыстық мәслихат депутаты Мұрат Әбдіғұловтың қолдауымен осындай кабинет ашылған болатын. «Богатырь Көмір» компаниясы қалған екі кабинеттің демеушісі болды. Осының арқасында бүгінгі күні 160 жас екібастұздық бағдарлама жасау мен роботты техника негіздері бойынша тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Олардың ішінде көмір шығарушы кәсіпорын жұмыскерлерінің де балалары бар.

Марина ПОНКРАТОВА «Богатырь Көмір» компаниясының «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының ақпараты бойынша   

Конференцияға қатысушылардың суреті.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу