Дайындық тексерілді

26.10.2018

Тосын жағдайлар туындаған жағдайда кәсіпорын мен бөлімшелердің қызметкерлеріне қызмет көрсететін «Казанада» медициналық компаниясының жұмысқа дайындығын тексеру мақсатында «Богатырь Көмір» компаниясының автобазасында  жоспардан тыс оқулар өткізілді.
«Богатырь Көмір» компаниясының автобаза басшылығы кәсіпорынның әлеуметтік даму басқармасымен бірге аталмыш оқуларды алғашқы рет өткізіп отыр. Жұмыс орындарында жеңіл-желпі жарақаттардан бастап ауыр диагноздардан аяқталатын, денсаулық пен өмірге қауіпті әртүрлі жағдайлар көрсетілді.

Автобаза директоры Азамат Тақабаев медициналық қызметкерлер мен жұмыскерлердің дайындығына өз бағасын берді:  
- Оқулар штаттық тәртіпте өткізілді. Барлық қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету мен әртүрлі штаттан тыс жағдайларда дұрыс әрекет ету бойынша жақсы білім көрсетті.

Марина Понкратова 

Сурет әлеуметтік даму басқармасының мұрағатынан алынды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу