Партадан кенішке

25.10.2018

Талдықорғанның, Шымкент пен Павлодардың Назарбаев зияткерлік мектептерінің 9-12 сыныптарының қырыққа жуық оқушысы  екібастұздық кеншілерде қонақта болды.

Кәсіпорынның жұмысы туралы оқушыларға «Туған елге тағзым» өлкетанушылық танымдық экспедицияны әлеуметтік даму басқармасының бастығы Владимир Тюлин әңгімелеп берді. Балалар көру алаңынан технологиялық үдерісті бақылай отырып, шахтерлардың қолымен қара алтынның шығуы туралы сүйсініп тыңдады. Балалар Екібастұзға келер алдында павлодарлық мәдени-ойын-сауық орталықтары мен археологиялық зертханаларға барды. Сапарларының соңғы төртінші күні олар Ақсудағы ферроқорытпа зауыты мен МАЭС-ке барады. 

Бұл белгіленген пункттер балалар үшін кездейсоқ таңдалмаған. Олардың барлығы химия-биологияға және физика-математикаға бейімделген сыныптарды оқиды. Сондықтан Павлодар облысының кәсіпорындарына саяхатқа шығу олар үшін болашақ мамандықтарын таңдауды нақтылауға көмектесуі мүмкін. Олардың таңдауын уақыт көрсетер. Бірақ та, қазірдің өзінде әлемдегі ең үлкен көмір кенішіне бару оларға ұмтылмас әсер сыйлағанын сенімділікпен айтуға болады.  

Оқу кезінде олар осындай экспедицияларды Қазақстанның барлық өңірлері бойынша жүргізеді.  

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет әлеуметтік даму басқармасының мұрағатынан алынды. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу