«Богатырь Көмірмен» «Табысқа жетер жол»

23.10.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының әлеуметтік даму басқармасы «Табысқа жетер жол» жобасының аясында Қ.Пішембаев атындағы Екібастұз тау-кен колледжінің оқушыларымен кездесу өткізді.  

Әлеуметтік даму басқармасының басшысы Владимир Тюлин мен БЖКБ тартушы агрегат машинистінің көмекшісі Тимур Төлеубаев тартушы агрегат машинистінің көмекшісі және түйіспе желі электрмонтаждаушы мамандықтарын меңгеріп жүрген бірінші және екінші курс студенттерімен кездесті. Олар балаларға мол жұмыс өтілі бар мамандардың ұстанымымен олардың болашақтағы мамандықтарының егжей-тегжейлері туралы айтып берді және көмір шығарушы кәсіпорынның өндірістік үдерістерімен таныстырды.

Үлкен айналым алып келе жатқан жобаның арқасында студенттік жастардың таңдаған мамандығына деген қызығушылықтары артуда.

Әлеуметтік даму басқармасының ақпараты бойынша Марина ПОНКРАТОВА

Кездесуге қатысушылардың суреті.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу