Қаланы көгалдандырды

23.10.2018

Қалалық қоғамшылдар Екібастұз қаласының бір алаңына жүзге жуық шырша көшетін отырғызды. Олардың ішінде «Богатырь Көмір» компаниясының біріккен жастар қозғалысының белсенділері де бар.  

Ардагерлерден, депутаттардан, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерінен және «Жасыл Ел» жастар еңбек отрядынан тұратын Екібастұздық қоғамшылдар Сапаржай алаңын көгалдандыруға қатысты. Бұл бастаманы кәсіпорынның біріккен жастар қозғалысындағы «богатырлық» кеншілер қолдады. Олар жүзге жуық қылқан көшетін отырғызуға күш салысты.

Екібастұз қаласы ТКШ бөлімінің ақпараты бойынша Марина ПОНКРАТОВА.

Сурет  "Богатырь Көмір" компаниясы БЖҚ мұрағатынан алынды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу