Шахтерларға түсіндірілді

22.10.2018

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек «Богатырь Көмір» компаниясына келіп Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын түсіндірді.

Тимур Сүлейменов Жолдаудың негізгі тақырыптарын айта келе көмір шығарушы компания жұмыскерлеріне тікелей қатысы бар мәселелерге тоқтала кетті. Атап айтқанда, премьер-министр Елбасының Жолдауы бойынша Республикамыздың ірі кәсіпорындарының басшыларымен, оның ішінде «Богатырь Көмір» акционерлерімен бірқатар мәжілістерді жоспарлап отыр, құрылымды сұхбат барысында олардың жұмыскерлерінің еңбекақыларын көтеру механизмі шешілетін болады.

Министр салықтық құқықтық қатынас бөлігінде кәсіпорынға құқық қорғаушы органдардың қысым көрсетуін төмендету туралы айтты. Сондай-ақ ол мәжілісте талқыланған табиғи монополия туралы заң жөнінде және ипотекалық қарыздар беру бойынша «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігіне қолайлы орта құру туралы ақпарат берді. Соңғысына қатысты «Богатырь Көмір» компаниясы президент бастамасын алғашқы қолдаушылардың бірі болып баспана алу үшін өз жұмыскерлеріне бастапқы жарна ретінде 1,5 миллион теңге бергендігін айта кеткен жөн.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек Тимур Сүлейменовтің баяндамасын қорытындылай келе Екібастұз өңірін индустрияландыруды дамытуға тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қосымша электрэнергияны өндіру үшін МАЭС-1 және МАЭС-2 станцияларының мүмкіндіктерін кеңейтетін инфрақұрылым жобалануда. Бұл өз кезегінде көмір шығарушы компаниядан шикізат шығарудың көлемін ұлғайтуды талап етеді.

Кездесудің соңында «Богатырь Көмір» кеншілері көңіл бөлгендері үшін қонақтарға алғыстарын білдірді және Жолдау туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу