Хоккей ойнауға дайынбыз!

19.10.2018

«Богатырь Көмір» компаниясы жас екібастұздықтар үшін қысқы мерзімде Әуезов көшесі, 21/1 және Шахтерская көшесі, 19 мекенжай бойынша орналасқан екі хоккей кортын жаңартты.  

Кәсіпорынның күрделі құрылыс жөніндегі дирекциясының жөндеу-құрылыс жұмыстары учаскесінің жұмыскерлері қысқа мерзімде жалпы алаңы 600 шаршы метр ағаш қоршауларға жөндеу жүргізді және оларды сырлады. Кәсіпорын бұл мақсатқа 200 мың теңгеден аса қаржы жұмсады. Кеншілер қысқы бос уақыттарда қаланың жас тұрғындарының қамын ойлай отырып қамқорлыққа алған аумағын жыл сайын тазалықта ұстайды.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу