Дәмі тіл үйірер

15.10.2018

Апельсин шырынындағы ет, турама салынған шортан, қаттама қамырдан жасалған «молшылық мүйізі», ақсеркеден қуырылған нан, «Құлпынай аспаны» десерті... жоқ, жоқ бұл қымбат мейрамхананың ас мәзірі емес. Бұл әлеуметтік даму басқармасы мен қоғамдық тамақтану комбинатының бастамасымен ұйымдастырылған «Богатырь Көмір» компаниясының аспазшылары арасында өткен «Мамандығы бойынша ең үздік -2018» сайысы.

«Саусағынан бал тамды» - десең де сөзбен жеткізу мүмкін емес. ТКЖЖ зауытының асханасында өз командасын қолдап келген жанкүйерлерден бастап, әділ – қазы мүшелері, ұйымдастырушылар  мен қатысушылардың өздері де сол күнгі дастарханның хош иісі мен әдемілігіне таң қалмасы бар ма?!   

Айта кететін болсақ, кәсіпорын асханаларында дәмді, тойымды және үйде отырғандай жылулық пен жайлылықты бірден сезінесің. Себебі, аспазшылар мұнда бар ынтасымен, жан дүниесімен кеншілер үшін қызмет атқарады десек артық болмас. «Дәмді сайыс» өз арнасында, ресми емес әдемі, көңілді өтті.

Сайыста бес жұп қатысты, - «Нептун» ( "Ковыльная" станциясы), «Богатырские девчата» («Богатырь» кеніші), "Гурманушки" (бас кеңсе), "Золотая осень" (ТКЖЖ зауыты) және "Смак" (бас кеңсе және ССК), командалары қалпақ пен алжапқыштарын тағып, теориялық білімдерін пысықтап,  пышақтары мен турайтын тақтайларымен қаруланып бес сынақтан өтті.

Өздерінің артықшылықтарын көрсетем деп, аспаздық шеберліктері туралы теориялық сұрақтарға жауап беріп және салатты кесу және безендіру, көкөністерден гүл жасау бойынша жылдамдықпен сайысты. Аспазшылардың үй тапсырмасы ретінде дайындап, сайысқа алып келген бас тағамдары болды. Бұлар аты мен дәмі ерекше талғамды екінші ас, дәмтатым мен десерт.

Қазылар алқасының жұмысы жеңіл болмады. Осыншама тағамды татып көріп және оған тиісті бағасын беру оңай дилемма болмады.  Алайда нәтиже көп күттірмеді.

Аспаздық батлдың жеңімпаздары болып, «Нептун» командасы Бойка Оксана мен Клочкова Юлия.  

Однако результат не заставил себя долго ждать. "Богатырские девчата" командасы Фирсова Олеся мен  Танатар  Сандуғаш екінші орынды иеленді. "Гурманушки" командасы Уланова Наталья мен Нурбаева Жанар жеңімпаздар үштігін тұйықтады. ТКЖЖ зауытының аспазшылары Анастасия Почемина мен Алмагул Нуга өртінші көрсеткішті көрсетсе, «Смак» командасы - Ольга Мыльникова мен Екатерина Киртоакэ бесінші болды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды Әлеуметтік даму басқармасының бастығы Владимир Тюлин құттықтап, естелік сыйлықтарды табыстады.

Іс-шара «Богатырь Көмір» кондитерлерінің дәмді тортымен шәй ішіп, швед үстелімен аяқталды.  

 

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу