Жаңа төраға сайланды

15.10.2018

«Богатырь Көмір» ЖШС «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының кезекті есеп беру-сайлау жиналысында оның жұмысының қысқаша қорытындысы жарияланды және жаңа төраға сайланды. 

Ақырғы екі жылда 1700 кенші партия ұйымының қайта қабылданған мүшелері атанды. Қазіргі уақытта «Нұр Отан» париясының билетіне ие болған жұмыскерлердің жалпы саны 3200 адамды құрайды, бұл кәсіпорын ұжымының жартысы. Оның екеуі – бас директордың орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров және ардагер Эльдар Абдинов партияның атынан қалалық мәслихаттың депутаттары болып табылуда. Халық қалаулылары «Болашақты бірге құрамыз. Қазақстан. Мақсаттар 2017. Әрекет етудің ұлттық жоспары» сайлауалды платформасын өмірде жүзеге асыра отырып, қала және облыс еңбекшілерінің әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда. «Бақытты балалық» жобасының аясында депутаттар жаңа оқу жылында оқушыларды мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз ете отырып «Мектепке жол» акциясына қатысты.

Партия ұяшығының ойластырылып жөнге салынған жұмысының арқасында демеушілік көмек желісі бойынша көптеген игі істер атқарылды. «Богатырлық» нұротаншылар балалар үйіне көмек көрсетті. Қазір олар нашар көретін адамдарды өз қамқорлықтарына алды.

«Богатырь Көмір» ЖШС «Нұр Отан» бастауыш партиялық ұйымының бұрынғы төрағасы Ольга Хозяшева үздік партиялық жұмысы мен қоғамдық міндеттеріне адал қарағандары үшін бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Марат Елубаевты, Богатырь ЖКБ жол шаруашылығы қызметінің бас технологы Ерболат Қоңырбаевты, партия тобын ұйымдастырушы Зәки Жұмабеков пен Азамат Махатовты, партия мүшесі Манар Ерботинаны, сондай-ақ бастауыш ұйымының барлық ісін ұйымдастырушысы мен бастамашысы Владимир Тюлинді марапаттады. Бұл келешегі бар жас маман «Жастардың кадрлық резерві» республикалық конкурстың қорытындысы бойынша еліміздегі отыз ең үздік жастың қатарына кірді. Сол себепті оны жиналыста «Богатырь Көмір» компаниясының «Нұр Отан» бастауыш партиялық ұйымының жаңа төрағасы етіп сайлады.

Ольга Хозяшева жиналғандарды өзінің ісін жалғастырушымен таныстырды және оған жаңа орында жаңа жетістіктерге жете беруді тіледі. Партияластар өз кезектерінде Ольга Дмитриевнаға ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін алғыстарын білдірді және естелікке сыйлық берді.

Жиналыстың соңында бастауыш партия ұйымы бюросының жаңа құрамы жарияланды.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу