Таңдалған бағытты қолдай отырып

11.10.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры Рустам Сансызбаев Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау бойынша қала белсенділерінің жиналысында сөз сөйледі.  

Кәсіпорын басшысы Жолдау бойынша өзінің баяндамасында кеншілердің Президент таңдаған бағытты қолдайтынын және оны өз жұмыстарында қолданатындығын айтты.

Атап айтқанда, Рустам Сансызбаев көмір шығарушы өндірісті сандық жүйеге көшіру туралы айтып өтті. Ол өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті көтеретін ең маңызды компонент болып табылады және ІЖӨ өсуіне оң әсер етуші экспортты ынталандыратын қосымша құрал болады.

- Кәсіпорында тау-кен жабдықтарын жөндеуді басқару мен бақылаудың, жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Екі жылдың ішінде «Северный» кенішінде өнімділігі жылына 2,0 млн.тонна көмірге дейін шығаратын, көмірді құрғақ сапаландыратын кешен салу, сондай-ақ навигацияның заманауи жерсеріктік жүйесін қолданумен тау-кен көліктік кешенін диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жобасын іске асыру жоспарланған. Компанияда тау-кен жабдықтарын: экскаваторларды, технологиялық көлікті, бульдозерлерді, бұрғылау білдектерін  кезеңдеп жаңартудың 10 жылдық мерзімге есептелген бағдарламасы қабылданды. Жалпы, өндірістік ұлғайтуды биылғы жылы 25 млрд.теңгеге жуық инвестициялау көзделген, - деп баяндады Рустам Сансызбаев.

Келесі жылы Республика Президентінің бастамасы бойынша жастар жылы болы жарияланады. «Богатырь Көмір» компаниясының 2019-ұранын өзінікі деп санауға барлық негіздемесі бар. Себебі кәсіпорын басшылығы жас мамандарды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Бұған «Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысы белсенді көмек көрсетеді. Серіктестіктің бас директоры баяндамасын аяқтай келе жиналғандарды олардың жұмысымен қысқаша таныстырып өтті.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олега МАЛЬЧУКА.  

 

Жаңалықтар тізіміне оралу