«Гена, біз сенімен біргеміз!»

09.10.2018

Команда: «Дайындал! Баста!»  және мәрелік сызыққа дейін 2,5 мың метр. Бір мыңнан астам екібастұздықтар үшін жексенбілік таң осылай басталды.

Аты әйгілі қазақстандық боксшы Генадий Головкинді қолдау мақсатында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің әлеуметтік басқармасының бастамасымен өткізілген күзгі марафонға жеңіске деген ұмтылысы бар,  кез –келген патриот адам қатыса алды. Мәреде бокс, спорт, белсенді өмірді жаны сүйер мыңнан аса қалалықтар жиналды. Олардың арасында БЖСМ –нің оқушылары, Екібастұз тау-кен техникалық және медициналық колледж студенттері, «Богатырь Көмір» компаниясының кеншілерімен қатар бас директоры Сансызбаев Рустам, аппарат басшысы Жаркимбеков Дастан, техникалық директор Иргебаев Ғалымбек, әлеуметтік даму Басқармасының басшысы Владимир Тюлин, бас энергетик Нұрлыбек Жұматаев және күрделі құрылыс жөніндегі бөлім бастығы Карен Айрапетян, МАЭС-1, «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қаласы филиалы, ІІБ, Екібастұз қалалық ауруханасы, мәдениет және спорт бөлімдерінің қызметкерлері белсене қатысты.    

Марафоншылардың көңіл – күйлерін «Богатырь Көмір» компаниясының бірлескен достар қозғалысының белсенділері мен аниматор – аюлар көтерді. 

Мәреде Старт! Командасы берілген соң, Қонаев көшесі  жүгіріс жолына айналып, сайыс қыза түсті. Әр түрлі жас шамасындағы жүгірушілерді көруге болды, GGG қолдап  ата – аналарымен келген балалардан бастап, зейнеткерлерге дейін. Сонымен қатар, ең кішкентайлары, марафон қашықтығын үш аяқты көлік түрімен жүріп өтті.

Ер адамдар арасында бірінші болып мәреге жеткен Богдан Иконников (БЖСМ – 2), екінші болып Александр Макаров  (БЖСМ – 2) болса үштікті Нурланбек Солтан («Богатырь» кеніші) тұйықтады.

Әйелдер арасында «алтынды» - Нелли Келлер (БЖСМ – 2), «күмісті» - Анна Дубинина - (БЖСМ – 2), «қоланы» - Вероника Рембольдт (медициналық колледж) иеленді. Жүгірістің ең үлкен қатысушысы Петр Дячук атанса, ең жас – он екі жасар Даниил Цвиг болды. Бұл марафоншыларды жүлдегерлермен қатар ақшалай сыйлық пен грамоталармен марапатталды.  

Спорттық іс - шара Тулеубаев Тимурдың «Геннадий Головкинді қолдау» атты авторлық өлеңімен және GGG қолдаудағы спорттық жарыстардың басты көшпелі белгісін келесі жылы өткізетін Түркістан облысы, Түркістан қаласына табыстаумен аяқталды.

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу