Спорт көбейді

27.09.2018

26 қыркүйекте «Богатырь Көмір» компаниясының дене тәрбиесі – сауықтыру кешенінде кезекті әлеуметтік объекті –спортзал ашылды.

«Богатырь Көмір» компаниясының жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры Нұрлан Мукулов кеншілерді осы айтулы оқиғамен құттықтады және дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға шақырды. Серіктестіктің әлеуметтік даму басқармасының жоспарында дене тәрбиесі – сауықтыруға жұмыскерлерді тарту 25-тен 50%-ға дейін қарастырылған. Бұған жағдай бар.

«Богатырь Көмір» әйелдеріне жөнделген спортзалды сынап көру мүмкіндігі берілді. Олар бұл жерде баскетбол бойынша жолдастық матч өткізді. «Чемпион» командасы үшін спорттық шайқас бірінші орынмен аяқталды, «Хозяюшкалар» екінші нәтижені көрсетті, «КОПушкалар» «қоланы» жеңіп алды. Командаларға естелік бағалы сыйлықтар мен грамоталар берілді.  

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу