Қонақжайлылықпен және ғибратпен

26.09.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының оқу-курстық комбинаты Еңбек Күні өзінің болашақ мамандығын меңгере бастағандарға есігін айқара ашты. Электровоз машинистінің көмекшісі мамандығын таңдаған Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің бірінші курс студенттері көмір шығарушы кәсіпорынның өндірістік атмосферасымен танысты.

Қонақтар компанияның тарих қоймасы – еңбек даңқы залында болды, бұнда «Богатырь Көмір» өмірінің ұмытылмас эпизодтарын сақтаған көптеген экспонаттар қойылған. Жетекші маман Любовь Прокопенко жүргізген қызықты экскурсиядан кейін балалар бейресми жағдайда дөңгелек үстел басындағы рухани сұхбатқа шақырылды. Бұл жерде бірінші курс студенттеріне компанияның жұмысы туралы оның ардагерлері Игорь Бауэр мен Сапар Байгелдин, «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайрола Тұратаев, әлеуметтік даму бөлімі бастығының міндетін атқарушы Владимир Тюлин және біріккен жастар қозғалысының белсенділері әңгімелеп берді. Олар болашақ мамандарға оқуда зейінділік тіледі және жуық арада оларды серіктестік қызметкерлерінің қатарынан көруге үміттенетіндерін білдірді.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу