Көмір реңкі бар еңбек

26.09.2018

«Богатырь Көмір» компаниясында Еңбек күнін мерекелеу жақсы дәстүрге айналды. Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланатын бұл мереке көмір шығарушы кәсіпорынға тиесілі болып табылады. Себебі, тәуліктің кез-келген уақытында, күн-түн демей, ауа-райына да қарамастан бір үлкен және өте маңызды істі атқарып жүрген адамдар жер қойнауынан жарық пен жылудың негізгі көзі - қара алтынның қандай еңбекпен шығарылатынын әрине біледі.

Сондықтан 25 қыркүйекте солар үшін және солардың құрметіне «Богатырь» кенішінің ӘТК-да өткен салтанатты іс-шарада көмір алыбының басшылығы жылы лебіздері мен құттықтауларын білдірді. Қызметкерлердің көбі адал еңбектері үшін әртүрлі наградалармен және сыйлықақылармен марапатталды.

Бұл күні Богатырь ЖКБ тартушы агрегатының машинисті Игорь Сушков пен технологиялық көлік басқармасының автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарі Гомар Муталипов «Шахтер даңқы» белгісінің кавалерлері атанды. Екінші дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісімен технологиялық көлік басқармасының механигі Ерлан Әубәкіров, үшінші дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісімен «Богатырь» кенішінің экскаватор машинисті Евгений Камынин, БЖКБ поездарды құрастырушысы Валентин Мазурин, Бас энергетик қызметінің шағын станцияларға қызмет көрсетуші электрмонтері Галина Лезнова және теміржол жабдықтарын жөндеу жөніндегі Дирекцияның кран машинисті Марина Никольская марапатталды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бұл жұмыскерлері 2018 жылғы серіктестіктің үздік тәлімгерлері атанды. 

Салтанатқа «Еңбек ардагері» наградасына ие болған құрметті ардагерлер Сергей Рудник пен Жұмаш Жұмабеков шақырылды, оларға да сыйлықақы берілді.

Кәсіпорынның бірнеше қызметкерлері «Жұмысшы мамандығын насихаттау», «Еңбектегі инновация мен даму», «Еңбек қауіпсіздігінен жоғары өнімділікке дейін», «Жастарға әрдайым жол ашық және басқаларды оқытуға рұқсат етілген», «Оқу үдерістерін үздік ұйымдастырушы», «Үздік оқытушы және кеңесші» және «Үздік нұсқаушы» номинацияларында құрмет грамоталарына ие болды.

Мерекеде дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа өздерінің тәжірибелерін, білімдері мен шеберліктерін табыстап жүрген «Богатырь Көмір» компаниясының еңбек әулеттерінің өкілдері Ахметовтер мен Федотовтарға бағалы сыйлықтар берілді.

Павлодар облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Динара Айтжанова іс-шараның арнайы қонағы болды. Ол жиналғандарды атаулы күнмен құттықтады және Павлодар облысы кәсіподақ орталығының құрмет грамоталарын БЭҚ жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрслесарі Олег Паскоға, БЖКБ жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь Сергей Астапенкоға, «Богатырь» кенішінің экскаватор машинисті Владимир Тромбачқа, ТКБ авариялық-қалпына келтіру жұмысының слесарі Сергей Зазулеге және күрделі құрылыс жөніндегі дирекцияның бетоншысы Силкан Бұрамбаевқа табыстады.

Еңбек күнінің қарсаңында кәсіпорында шығарма жазу бойынша шығармашылық конкурс өтті, онда кез-келген адам өзінің әріптесі – еңбек батыры туралы жазды. Қатысушылар көп болды, бірақ оның ішінен бес жеңімпаз анықталды, олар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұлар: ТЖЖБ №2ЖҚД жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарі Виталий Сусленков, «Богатырь» кеніші маркшейдерлік қызметінің маркшейдерлік жұмыстардағы әртүрлі жұмыстағы жұмысшысы Анжела Мамраева, БЖКБ №8 Путь учаскесінің жол жөндеушісі Қайырболат Аманов, БЖКБ жылжымалы құрам қызметінің жетекші инженері Инна Салимова және атқарушы аппараттың топ басшысы Манар Ерботина.

Мерекелік кеш бойы «Богатырьдың» талантты жастары қонақтар мен салтанатқа қатысушыларға музыкалық құттықтаулар мен жақсы көңіл-күй сыйлады. 

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу