Денсаулыққа мән берілді

17.09.2018

"Богатырь Көмір" компаниясының кеншілері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын қолдай отырып, кәсіпорынның орталық офисінің жанында дене шынықтыру үзілісін жасады.  

Таңертен ерте музыканың сүйемелдеуімен Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан компанияның орталық офисінің жұмыскерлері дене шынықтыру минутына шықты. Олар қарапайым жаттығуларды орындай отырып, жұмыс күнінің алдында біраз сергіп қалды, бұл олардың денсаулықтарын, командалық көңіл-күйді және корпоративтік этиканы нығайтуларына мүмкіндік берді. «Богатырлық» кеншілер денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының және ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру мен сектораралық қарым-қатынасты дамыту» жобасының іске асырылуын қолдады.  

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу