Диктант жазды

20.09.2018

«Богатырь Көмір» ЖШС –інде «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында Астананың 20-жылдығына орай «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізіп,  жақсы көрсеткіш көрсетті.

 Бүгін республика бойынша қазақстан халқұы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында жалпықазақстандық ашық диктант өтті.  «Богатырь Көмір»  компаниясының 22 қызметкері аталмыш акцияға колледж, кітапхана, мектеп оқушыларымен қоса қатысып, ат салысты.

Диктантты өткізудегі негізгі мақсат жеке сауаттылықты тексеру мен мемлекеттік тілдің беделін көтеру, насихаттау болып табылады. Кеншілер жұмыстарын тексеру мақсатында Дюсекеева Анаргуль бастаған комиссия құрылды. Комиссия мүшелерінің бірі Абилова Жамиляның пікірі бойынша диктантқа қатысқан компания қызметкерлерінің жартысынан көбі «үздік» деген баға алып,  өте жоғары нәтиже көрсетті.

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олега МАЛЬЧУКА.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу