Қуанышқа бөленді

11.09.2018

«Богатырь» кенішінің көру алаңы қаланың көрікті жерлерінің бірі ретінде тұрғындар мен Екібастұз қаласының қонақтарын қызықтырады. 

Онда алғашқы рет келген адам алақандағыдай көрініп тұратын көмір шығарушы өндірістің ауқымынан үлкен әсер алады. Экскурсияға қатысушыларға ескі көмір шығарушы техника жиналған ашық аспан аясындағы мұражай да ұнайды, оның жанында естелікке суретке түсуге болады.

Біздің Австриядан келген шетелдік қонағымыз да көру алаңына барып, қуанышқа бөленді. Антон Гляйхвайт екібастұздық кәсіпорындардың бірінде жабдықтарды жөндеу бойынша бас жөндеуші болып істейді. Біздің қаламызға қызмет бабымен келген ол бос уақытында Екібастұз бен оның төңірегіндегі көрікті және таныс жерлерді барғысы келді. Гляйхвайт мырза аталмыш алаңды көрген соң көру алаңы бойынша экскурсия ұйымдастырған «Богатырь Көмір» компаниясы әлеуметтік даму басқармасының өкілдеріне алғысын білдірді. Оның айтуынша өмірінде көрген өнеркәсіптік объектілердің ішінде ол осындай аса ірі және жүрек тебірентетін ештеңені көрмепті.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет «Богатырь Көмір» компаниясы әлеуметтік даму басқармасының мұрағатынан алынды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу