…ЧТОБЫ ВЫДАТЬ УГОЛЬ НА-ГОРА

28.12.2011

 «Вести Екибастуза» газеті, №50 2011 жылғы  15  желтоқсан

«Богатырьлықтар» – тәуелсіздік мерекесіне

                      

            Қазақстан-Ресей біріккен көмір өндіретін кәсіпорны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына  индустиралдық-инновациялық даму бойынша үлкен жұмыс атқарды Былтырғы жылы «Богатырь» кенішінде  негізгі құрал-жабдықтардың өнімділігін 20 пайызға көтеретін көлік сызбасын қайта құрылымдауды аяқтады. Биылғы мерейтой қарсаңында компания кеншілері 40 миллион тонна көмір сатуды жобалап отыр.   

Кәсіпорын тарихын кеншілер күнделікті тыңғылықты, қажырлы еңбектерімен жазуда.  Солардың бірі - ротор экскаваторының машинисі Бейбіт Оразғалиев.  Оны еңбексүйгіштігі, тындырымды жұмысы, көп жылғы бай тәжірибесін бөлісе білетіндігі үшін бәрі сыйлайды. Тәуелсіздік қарсаңында Бейбіт «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл құрметке барлық ұжымның еңбегі бар екені белгілі.   

«Богатырь Көмір» компаниясы үшін 2008 жыл айрықша жылдардың бірі. Бұл жылы богатырьліктер жоғары көрсеткіш көрсетіп, 46,2 миллион тонна көмір шығарды. Осының бәрі өндірістік үдерістерді, өндіру технологиясын жетілдіру, жеке құрамды нарықтық қатынастарға оқыту барысында іске асты.  Сол жылы 11 желтоқсанда тағы бір есте қаларлық оқиға есте қалды. Кеншілер ең алғаш рет Қазақстанда 100 миллион тонна көмір тиеп жөнелтті. Осы оқиғаға байланысты жиналғандар алдында сөз сөйлеген «Богатырь Көмір» ЖШС  бас директоры Виктор Щукин бұл ждетістікке айрықша мән беріп, кеншілерді шын жүректен құттықтады.

       Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев: - Көмір өндіретін  кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеуі біздің елде электр станциялардың тоқтаусыз жұмыс жасауының кепілі, бұл кеншілердің ғана емес, ел жеңісі, -деді.

            100 миллион тонналық теміржол құрамы богатырьдің көмірін ең көп тұтынушы Екібастұз ГРЭС-1 станциясына  Ибрагим  Досмұханбетов басқаратын №1 өндіру учаскесінің ұжымы жөнелтті.

             Бұл учаскені жаңа технология сыналатын  сынақ алаңы десе болады. 2004 жылы бұл жерде көмір жынысын тиеу кешені пайдалануға берілсе, кейін ТДМ арасында қайталанбайтын, жылына 14 миллион тонна көмірді біркелкілейтін конвейерлі-теміржол бірегей өндіру кешені іске қосылды.  Бұл жобаны іске асыруға компания 3,8 миллиардтан теңге  жұмсалды. 2002 жылы «Северный» кенішінде маңызды оқиға болды. 400 метрлік тереңдікте №1,№2 ұңғымаларда қарсы забойлар жүргізген  №1 штрек түйісімі жүргізілді. Осы уақыт аралығында камерасы бар қалпына келтірілген ұңғымаларды бұрғылау үшін 5000 метрден асатын штректерде коммуникациялар жасалынып, бекітілді. 

            Маркшейдер Валентина Буторова   алғашқы күннен бастап үңгу жұмыстарын бақылауды қолға алды. Бір қызығы жер астындағы штректе екі тау-кен үңгілеу ұымдары кездесті. Олар Сергей Злобин мен Владимир Смородиннің бригадалары еді. 

Құрғату шахтасы – «Северный» кенішіндегі барлық технологиялық кешенді құрайтынең маңызды учаске. Осы шахтаның көмегімен көмір қабаттары құрғатылады, судан, ылғалдан арылады, соның нәтижесінде қысқы уақытта көмірді өндіру мен тасымалдау жеңілдейді. Жер астынан тәулігіне сыртқа 5,5 мың текше метр су айдап шығарылады.   

2005 жылы қыркүйек айында «Богатырь» кенішінің Северный кешені көмірді өндіру мен сұрыптаудағы автомобиль-теміржол технологиясына көшірілді. Бұл жобаға 2,5 миллиардтан астам  қаржы жұмсалды. 

Өткен алты жыл қазіргі заманғы жаңа технологиялардың, атап айтқанда ЭКГ-15 экскаваторлары мен «Komatsu», «Caterpillar», «БелАз» ауыр жүкті өздігеген түсіргіш автомобильдердің  тиімділігін дәлелдеді.   Нәтижесінде «Северный» кешенінен жыл сайын 10 мың тонна біркелкіленген  көмір тиеледі. Көмірдің күлділігі 2 пайыздан аспайды.

 «Северный» кешенінде жинақтаған тәжірибені кеншілер «Богатырь» кенішіне енгізді.

Накопленный на «Северном» опыт  горняки успешно внедрили на разрезе «Богатырь», которая является первым этапом перевода разреза  на циклично-поточную,  Қазіргі уақытта бұл жерде автомобиль-конвейер технологиясын енгізу аяқталып қалды. 2012 жылдан  бастап аталған технлогия толық жұмысқа қосылатын болады. 

-Қазіргі уақытта біздің кәсіпорын сенімді жұмыс істей бастады,- дейді «Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры Виктор Щукин. – Міне, осындай жұмыстардан соң бізге 2020 жылға дейін қалай дамимыз, көмірді қандай көлемде өндіреміз, бәрі белгілі болады. Біз өндірісті әртараптандыруға, жаңа технологиялан енгізуге, құрал-жабдықтарды жетілдіруге барынша күш саламыз. Осылай жасай отыра көмір өндіруді арттырамыз. 

2009 жылдан бастап «Богатырь Көмір» компаниясы роторлы және бір шөмішті экскаваторларды жетілдіруге кірісті. Қазіргі уақытта  көмір өндіруде жеті СРс(К)-2000 экскаваторлары жұмыс атқаруда Солардың үшеуі жетілдіру үдерсінен өтті. Қалған төртеуінде өзгерту жұмыстары 2012 жылы аяқталады. Бұл машиналардың жұмыс істеп тұрғанын 30-35 жыл болыпты. Жетілдіру, жаңалау арқылы бұл техниканың өмірі, жұмыс істеу сипаты ұзартылады.   

15 бір шөмішті ЭКГ экскаваторлары мен 5 ЭШ-13/50 экскаваторлары да жетілдіруден өтіпті. Тәуелсіздік қарсаңында «Ижорские Заводы-КАРТЭКС» ЖШҚ шығарылатын жаңа бір шөмішті ЭКГ-15 экскваторлары пайдалануға беріле бастады. Компания ЭКГ-15 экскаваторларын алуға тағы да келісім-шарт жасады. Қарша айында «Богатырь» кенішінің құрастыру алаңына екінші алыптың тораптары мен агрегаттары түсе бастады. Қалған машиналар 2012 жылы келетін болады. Бұл машинаны алып деудің жөні бар.Оның металл құрамаларының салмағы 700 тонна, шөміші 18 текше метрді құрайды.Бұл шөміш ішіне 21 тонна көмір сияды деген сөз. Сол себепті бқл экскаватор 130 тонналық «БелАз»-ды бірнеше минуттарда толтырады. Ал 600 мың тонналық  көмір қоймасы бар біркелкілеу (сұрыптау) кешені вагондар айналымын 15 сағаттан 5 сағатқа дейін, яғни  үш есе азайтады.

-Көмірді толассыз технология кешенімен өндірудегі инновациялық  шешім ең тиімді тәсілдің бірі, - дейді Бас директор Виктор Константинович.

            «Богатырь Көмір» компаниясы көмір өндіруді үздіксіз үдеріспен жүргізетін, жоғары механикаландырылған, ТМД елдеріндегі көмір сатуды ойдағыдай жүргізіп отырған  ірі  кәсіпорындардың бірі.

Көмір өндіру   технологиясын және әлеуметтік саланы дамытудағы зор үлесі үшін компания бірнеше рет  «Богатырь Көмір» компаниясы бірнеше рет үкімет тарапынан марапатталды, аталаып өтті. Осы салаға тағайындалған республикалық «Парыз» конкурсының, 2010 жылы республикалық«Алтын жүрек»  конкурсының жеңімпазы атанды.

Компания балансына әлеуметтік-мәдени кешендер кіріп отырған  бірегей кәсіпорын.Ол Баянауылдағы «Березка» , «Қарлығаш» демалыс, сауықтыру орындарын жабдықтайды Бұл кешенді ұстау үшін жылына ондаған миллион теңге бөледі.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында кәсіпорын ұжымы тау-кен муниципиалдық округы аймағын көріктендірді. №6 лицей-мектепке бүкіл маусым ішінде ойнай алатын футбол алаңын жабдықтады.  Компания осындай алаңдарды  әр мектепке жыл сайын сыйға тартуды дәстүрге айналдырмақ.

Көп игілікті істер атқарылды. Болашақта, таяу жылдарда осы үрдіс одан әрі жалғаспақ

Жаңалықтар тізіміне оралу