Жебеушілік үшін алғыс

10.09.2018

"Богатырь Көмір" компаниясының басшылығы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылған «Менің қалам» этно-өлкетану жобасына жебеушілік көмек көрсеткені үшін марапатталды. Жоба «Нұр Отан» партиясының ЕҚФ қатысуымен екібастұз тарихи-өлкетану мұражайымен бірге іске асырылды.


Жобаға екібастұздық мектептердің 15 оқушысы – дарынды балаларға арналған №1 мектеп-лицейінің және №6 мектеп-лицейдің оқушылары қатысты. Оқушылар патриоттық сезімді, өз жеріне деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеуге ықпал ете отырып, Екібастұздың көркем жерлерімен және тарихымен таныстырды. Жоба іске асырылған уақытта саяхатшы топ Екібастұздың 25 көркем жерін зерттеді. «Богатырь көмір» компаниясының «Богатырь» көмір кеніші соның бірі болды. Компания басшылығы игі бастаманы белсенді түрде қолдады және бастаушыларға жан-жақты көмек көрсетті, соның арқасында балалардың көбі «Гинестің рекордтар кітабының» рекордшысын алғашқы рет көрді, оның көру алаңына және ашық аспан астында орналасқан ескі көмір шығарушы техникасының мұражайына барды. Жас қонақтар экскурсиядан асқан қуанышқа бөленді.

«Менің қалам» жобасын ұйымдастырушылар өз кезектерінде кеншілердің ыждаһаттарын бағалап, салтанатты жиналыста құрмет грамотасымен алғыстарын білдірді, «Голос Экибастуза» қалалық апталықтың директоры Николай Гостищев оны жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Нұрлан Мукуловқа табыс етті.

 

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Рымбек.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу