«Батырлар» сияқты аталып өтті

27.08.2018

Кеншілердің басты мерекесі – Шахтер күні «Богатырь Көмір» компаниясы жұмыскерлерінің жадында ерекше оқиға ретінде ұзақ сақталатын болды, себебі олар бұл күні күнделікті әбіргершілікке және жұмыс күндеріне алаңдамай, салтанат пен демалыстың ерекше атмосферасына сүңгіді.   

Дәстүр бойынша мереке қарсаңында кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ комитеті компанияның төрт жүзден аса көрнекті, белсенді қызметкерін ведомствалық наградалармен, құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен және «Компанияның үздік жұмыскері» белгісімен марапаттады. Олардың ішінде елу шақтысы «Шахтер даңқы» белгісінің, жиырмасы «Еңбек даңқы» белгісінің толық кавалері атанды.

Кәсіпорындағы салтанатты марапаттау бірнеше күн бойы өтті. «Богатырлық» шахтерлар қалалық деңгейде және Астанада құттықталды. Астанада 17 екібастұздық кенші-қонақ энергетика вице-министрі Болат Ақшолақовтың, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Жоламановтың және энергетиктердің қазақстандық салалық кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбастың қолынан наградалар алды. ТКБ механигі Жұмаш Жұмабеков үкіметтік награда – «Еңбек ардагері» медалімен ескерілді, ТКЖЖД цех бастығы Сәкен Қалдыбаев пен «Богатырь» кенішінің экскаватор машинисті Қанат Қайырбеков «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрмет грамоталарымен марапатталды. "Kazenergy" ассоциациасының құрмет грамотасына КҚД кран машинисті Сүлеймен Ташимов ие болды, БЖКБ тартушы агрегат машинисті Виталий Аллилуев пен АҚ және ЕҚБ бас маманы Жарас Төлеуовке ҚР энергетика министрлігінің алғыс хаттары берілді.

Әлеуметтік даму басқармасының өкілдері мен біріккен жастар қозғалысының белсенділерінен тұратын «Богатырь Көмір» компаниясының шығармашыл бомондтары еңбектерінің арқасында көрермендерді шаттыққа бөлеген салтанатты кештің концерттік және ойын-сауық бағдарламасы тамаша өтті.

Биылғы жылы «богатырлық» вокалшылар Александр Терещенкоға, Александр Еременкоға,  Азамат Аздоевқа, Дамира Бекемироваға, Айдархан Төлеубаевқа, Нелли Штраубқа, Жанар Исеноваға, Диана Абеноваға, Қоблан Мажкенов пен Руслан Мусинге компанияның атақты адамдары ішінен белгісіз орындаушылар қосылды. Іс-шараның бірінде «Богатырь Көмірдің» бірінші тұлғалары өздерін бойз бэнд ретінде көрсетті. Бас директор Рустам Сансызбаев, аппарат басшысы Дастан Жарқымбеков, «Богатырь Көмір» компаниясының қаржы бақылаушысы – қаржылық контроллинг қызметінің басшысы Сергей Шибилов, атқарушы директор Азат Макенов және репер – өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Серік Макаров компанияның «Богатырь жұлдыздарды жағады» гимнін тамаша орындады.  Брейк бишілері де көпшілікке шеберліктерін көрсетті. Би алаңында компанияның ТКБ жұмыскері, кәсіби брейкдансер Евгений Кисилев пен кәсіпорынның басқарма және дирекция басшылары нағыз би батлын өрістетті. Өндірісшілер көмір істерімен қатар өз денелерін де шебер басқаратындықтарын дәлелдеді. Еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшыдан «Electric Boogie», Богатырь ЖКБ директоры Ағыбай Покатаевтан брейк-толқын және техникалық директор Галымбек Иргебаевтан «ай жүрісі» көрермендердің ду қол шапалағы мен шаттанған дауыстарына ие болды. 

«Богатырь Көмір» спорт-сауықтыру кешенінің стадионында жексенбі күні өткен шахтерлар мерекесі қазақстандық эстрада жұлдыздары – «МузАрт», «Домино» және «Кешью» топтарының қатысуымен өткізілген шоу – бағдарламамен, жарық шоуымен, ойын-сауықпен және балаларға арналған конкурспен, от шашумен, би кешімен және кәсіпорын жұмыскерлері арасындағы жыл сайынғы жүлделер ұтысымен аяқталды.

ЖжәнеҮЖУ Максим Максак пен ТЖЖЖД Сергей Поповтың лотереялық билеттері оларға ұтыстың бас жүлдесін жеңіп алуға мүмкіндік берді. Бұл кеншілер өздерінің кәсіби мерекелерінен жаңа Vaz LADA Priora мініп қайтты.  

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу