"Темір жұдырық" – деген осы емес пе...

20.08.2018

Шахтер күні мерекесіне орай «Богатырь Көмір» компаниясының кеншілері жыл сайын өткізілетін «Мамандығы бойынша ең үздік»  сайысы экскаваторлардың темір «қол алысуымен» аяқталды.

Өткен жылғыдай кеніштегі, көмір өндірісіндегі ең ірі техника – роторлы экскаваторда жұмыс атқаратын жеті бригада машинистері өз мамандықтарының ішінде «Үздік» атану үшін тырысып бақты.

Роторлы экскаватор машинистері көмір артудан жылдамдыққа сайысты. Машинистерді вагонға көмір артуда дәлдік пен артылған 69 тонна салмағымен бағаланды. Электр-машинистер экскаватордың ақауын анықтап, жылдам жөндеу бойынша бағаланды.

Сайыстың тәжірбиелік бөлігінде шөмішті экскаватор машинистері өздері жұмыс жасайтын техникамен көмір артумен қатар баскетбол добын баскетбол торына лақтыруға болатынын көрсетті. Автомобильшілер арасындағы «өз машинасымен бір бүтін» деген сөз осындайда айтылуыт тиіс шығар. Бұдан басқа барлық қатысушылар еңбекті қорғау және өндірістегі қауіпсіздік техникасы бойынша тест тапсырды.

Экскаватор машинистері арасында «Мамандығы бойынша ең үздік» сайысының жеңімпаздары болып Александр Гарифулин, Николай Бибиков, Денис Крылов, Игорь Ткалич және Сергей Овсянников атанды. Дмитрий Наак, Жастлек Дюсембеков, Игорь Аверьянов, Владимир Василенко және Виталий Беллер өз номинацияларында екінші орынға ие болды. Қол жүлдені өз араларында Александр Змазнев, Артем Зоммер, Александр Зотов, Геннадий Барышев және Владислав Сартаковтар бөлісті. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал жеңімпаздар дәстүр бойынша Шахтер күніне орай салтанатты жиналыста марапатталады.

 Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олега МАЛЬЧУКТІКІ. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу