Ардагер-кеншілерді құттықтады

23.08.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы мен жергілікті кәсіподағы көмір шығарушы кәсіпорынның бұрынғы жұмыскерлерін Шахтер күнімен құттықтады.   

Құрметті демалыстағы сексенге жуық атақты кенші «Гүлдер» мейрамханасына мерекелік түскі асқа шақырылды. Олардың ішінде Екібастұз қаласының құрметті азаматтары Аманғос Өтегенов пен Манат Сыздықов, еңбек ардагерлері Самат Рамазанов, Михаил Богомяков, Валерий Возный, еңбек әулетінің өкілдері Лапшиндар, Иванчиковтар, Нароновтар және Екібастұз өңірінің көмір өнеркәсібінің қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан басқа да атақты шахтерлар болды.  

Солар үшін және солардың құрметіне жақсы сөздер мен тілектер айтылды және «богатырлық» еңбекші жастардың күшімен тамаша концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Ардагерлер әңгіме барысында кәсіпорында жұмыс істеген жылдарын еске алысты, бір-бірлерін мерекемен құттықтады, жастық шақты еске алып би билеп, ән салды.

Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген «Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры бұрынғы көміршілерге көтеріңкі көңіл-күй, ұзақ өмір, отбасының амандығын және бір жылдан соң мықты денсаулықта, осы құрамда кеншілердің басты мерекесінде аман-есен қауышуды тіледі.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу