Мереке қарсаңындағы марапаттар

22.08.2018

Кәсіби мереке Шахтер күнінің қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС-да мерекелік іс-шаралар басталды. Серіктестіктің бас офисінің конференц-залында атқарушы аппарат қызметкерлерінің ішінен үздік жұмыскерлерге құрмет көрсетілді.  

 «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Рустам Сансызбаев жиналғандарды келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

- Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан Шахтер күнімен құттықтаймын. Біздің ұжымның күн сайынғы жанкешті еңбегінің арқасында миллиондаған адам жылу мен электр қуатымен қамтамасыз етілген. Сіздерге шын жүректен отбасының амандығын, бақыт, өркендей берулеріңізді тілеймін. Өзіме осындай ұйымшыл ұжыммен еңбек ету құрметі берілгеніне өте қуаныштымын. Бізде көптеген беделді адамдар жұмыс істейді, бүгін олардың кейбіреулеріне лайықты марапаттарын ұсынамыз.

«Богатырь Көмір» компаниясының қаржылық контроллинг қызметінің басшысы Сергей Шибилов та ұжымды келе жатқан мерекелерімен құттықтады:

- Қымбатты достар! Бүгін сіздер жаңа үлгідегі наградаларды аласыздар. Бұл наградалардың рәсімделуі жаңа, ал мазмұны – жанкешті еңбек, жоғары еңбектік тәртіп, біздің кәсіпорынның нығаюына қосқан үлкен үлес. Құрметті әріптестер! Сіздерге бұл ерекше күні денсаулық, бақыт тілеймін, еңбектеріңіз сіздерге бақыт пен моральдық қанағаттану әкелсін, материалдық әл-ауқаттарыңыз өсе берсін.

   Салтанатты қабылдау марапаттау рәсімімен жалғасты. «Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері» атағына жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі дирекцияның оқу-курстық комбинатының инженері Татьяна Квашина ие болды.  

1-дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен жөндеу жөніндегі дирекцияның бас технологы Андрей Варламов наградталды. 3-дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен техникалық дирекцияның КСТББ бақылаушы шебері Елена Акимова, BPS стратегиялық даму тобының менеджері Александр Галкин,  көмір нарығы және оны өткізу дирекциясының жүк қызметінің жүк пен жолжүгін қабылдап-тапсырушысы Людмила Вачужанина наградталды. 1-дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісіне ие болғандар: қаржы дирекциясының ЖЭБ секторының бастығы, қаржы дирекциясының қаржы бөлімінің бас экономисті, жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі дирекцияның ҚББ бастығы Тамара Карпец. 2-дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісіне ие болғандар: АТБ тобының басшысы Светлана Айтжанова, коммерциялық дирекция менеджері Қаршыға Төлегенов, қаржылық дирекцияның ЖЭБ секторының бастығы Құралай Бакишева. 3-дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісі берілгендер: әлеуметтік даму басқармасының шаруашылық бөлімінің шебері Наталья Вахрушева, жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі дирекцияның ЕжәнеЕҚБ секторының бастығы Айгүл Абдуалиева, бухгалтерия бөлімінің бастығы Марина Ахмадиева, азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау жөніндегі басқарманың өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін өндірістік бақылау қызметінің бас маманы Игорь Еремеев, өндірістік қызмет секторының бастығы Светлана Пузанова.  

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу